ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТАРТЫСТЫ ОЙЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТАРТЫСТЫ ОЙЫН ӨТТІ
Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінде спорттың волейбол түрінен сайыс өтті. Сайыстың өтуіне Ұшқын елді мекеніндегі №20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің түлектері түрткі болды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық сайысты бұл жолы 1986-1987 жылы туған мектеп түлектері қолға алды. Спорттық шараға Ұшқын ауылдық округінің әкімі Олжас Саттаров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, тартысты сайыстың қорытындысымен үшінші орынды 1985 жылы туған түлектер иемденсе, жүлделі екінші орынды 1999 жылы туған жастар қанжығасына байлады. Ал бас жүлдені 1996 жылы туған мектеп түлектері алды. Сондай-ақ жүлделі орын иелеріне арнайы алғыс хаттар мен кубок, медальдар беріліп, демеушілер есебінен жарысқа қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі