ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ КӨШЕЛЕР МЕН АУЛАЛАР ТАЗАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ КӨШЕЛЕР МЕН АУЛАЛАР ТАЗАЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қоршаған ортаны қорғау, заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын ұйымдастыруды аудан-ауыл әкімдіктеріне қатаң тапсырған болатын. Сауран ауданында қазір әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтар шығарылып, арық-атыздар тазартылуда. Оған ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, өз үлестерін қосты.
Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмысына – 170 адам қатысты. Нәтижесінде 40 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.
Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі