ТҮРКІСТАНДА ҚАЛДЫБЕК ҚҰРМАНӘЛІНІҢ КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛДЫБЕК ҚҰРМАНӘЛІНІҢ КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістанда танымал композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлінің кітабы таныстырылды. «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, кеш авторына облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар жылы лебізін арнады. Жиын барысында композитордың туындылары орындалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кітапта композитордың әндері ноталарымен бірге және орындайтын әншілердің суреттерімен қоса енген. Балалық шақтағы суреттері де жарияланған. Қалдыбек Құрманәлінің 40-қа жуық әні бар. Оның ішінде «Кірмеші жиі түсіме», «Жайықтың толқындары», «Шай ішіп кетсең қайтеді?» сынды әндері кең танылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі