ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕКТІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ АҒАШ ЕКТІ
Республикалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы аясында Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте көгалдандырылуға бағытталған сенбілік өтті. Аудан әкімі Арман Сәбитовтен бастап қарапайым жұмысшыға дейін жұмыла еңбек етті.
Сенбілікте аудан әкімдігі ғимаратының маңы қоқыстан тазартылып. Сондай-ақ дендрологиялық саябақта ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары бұған дейін ауылдық округ аумақтарында ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі