ҚР футболдан Бірінші лиганың 28 тур ойындары өтті. «Арыс» футбол клубы маусымның соңғы ойынын сырт алаңда алматылық «Хан Тәңірі» клубымен кездесті.
Өте тартысты өткен матчта жерлестеріміз 3-2 есебімен жеңісті жұлып алды. Қорытынды турнирлік кестеде 28 ойында 33 ұпай еншілеген «Арыс» футбол клубы 8-орынға жайғасты.
2021 жылы құрылып, аз уақыттың ішінде Екінші лигадан жоғары лигаға көтерілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі