Шара аясында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары ұйымдастырылды. «Аялы ағаш – саялы мекен» акциясына 2 мыңға жуық адам атсалысып, 45 мың түп ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, қарағаш, өрік, алма, жиде, клен, терек, ясень, тұт және тағы басқа бар.
Жалпы акция бір айға жалғасады. Ай ішінде тазалық, ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылады. Биыл күзде акция аясында Түркістан қаласында 220 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Соның ішінде 56 мың түпті мердігер мекемелер есебінен егіледі. Оларды болашақта күтіп-баптауға арнайы мекеме бекітілген.