Түркістан қаласы, ӘІО орналасқан САУРАН тұрғын үй кешені бойынша (1-7 блок) конкурсқа өтінім қабылданады.
Құрылыс мердігері-ТОО "КазЭлитСтрой 2050"
Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге өтініштер ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан кабылданады.

Конкурсқа өтінім беру уақыты:
09.10.2023-25.10.2023 ж.ж.
Шаршы метр бағасы: 180 мың тг.
Пәтерлер саны: 504
Пәтер бойынша ақпарат:

1 бөлмелі 168 пәтер — 31 ш.м.

2 бөлмелі 168 пәтер — 58,6 ш.м.

2 бөлмелі 7 пәтер — 65,19 ш.м.

3 бөлмелі 161 пәтер — 78,58 ш.м

ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан бойынша:

Несие пайызы - 5% (ЖТСМ 5,2% бастап)

Алғашқы жарна - 10%

Несие мерзімі - 20 жылға дейін,

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ бағдарламасы бойынша өтінім берушілерге (санаттар төменде көрсетілген):

Несие пайызы - 2% (ЖТСМ 2% бастап)

Алғашқы жарна - 10%,

Несие мерзімі - 20 жылға дейін.

Көп балалы отбасы

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар

мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы

Арнайы төмендегі санаттар үшін пайыздық мөлшерлеме 2% және қатысушыларды іріктеу кезінде басымдылығы болады:

Бірінші/екінші топтағы мүгедектер

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар санаттары.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады.

Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Біздің мекен жайымыз:
Б.Саттарханов даңғылы 44 ғимарат
Өтінім жіберу www.otbasybank.кz сайты арқылы.