Әр аптаның сенбі күні аудан аумағында Арман Абдуллаевтың бастауымен қолға алынған тазалық шарасы жалғасын тапты.
Аталған тазалық шарасын әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікке қала, кент және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекеме және дербес бөлім қызметкерлері атсалысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, арам-шөптерден тазалау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі