ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ІШКІ КӨШЕЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ІШКІ КӨШЕЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түлкібас ауданы Майтөбе ауылындағы ең өзекті мәселе ішкі көшелерін жөндеу болатын. Көп жылдан бері түйіні шешілмей келген түйіткілді мәселе биыл толық шешімін тапты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде тозығы жеткен 21 көше толығымен жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Астана, Исабек, Алтай, Көбегенұлы, Азаттық, Ырыс, Найзатас, Сейфуллин, Келешек, Ақдала, Уалиханов, Бейбітшілік, Қарасу, Тәуелсіздік, Батыр, Ізет, К.Сүйінбайұлы, Жамбыл, Жақаев, Заңғар, Жастықшақ көшелері бар.
Бұдан бөлек биылғы жылы округке қарасты Қожамберді ауылының 23 жылдан бері жөндеу көрмеген Битөре және Бастау көшелері де жөндеуден өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі