Көрмеде Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қорындағы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі сандығы, бас киімдері, кір тастары секілді заттарын арнайы киіз үй құрып, жасақтады. Бұдан бөлек көрмеге Ордабасы аудандық музейі қорындағы Кеңес одағы батырлары – Қарсыбай Спатаев, Бейсен Оңтаев, Сыдық Ысмайылов, Берген Исахановтың қолданған жеке заттары, марапаттары мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейінің қорындағы тас, қола дәуіріне тиесілі қола және тастан жасалынған құнды жәдігерлер қойылды.