ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАРҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАРҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сайрам ауданының аумағында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуде.
Бүгінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша Ақсукент-Манкент-Жібек жолы ауылдық округтерін жалғайтын «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» аудандық маңызы бар КХ-40 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, 13 шақырым жол жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС тарапынан орындалуда.
Жалпы жол-құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 14 маусымында басталып, 2023 жылдың желтоқсанына дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме тарапынан асфальттің бірінші қабаты ірі тасты асфальт салу, су ағар лотоктар орнату, Жібек жолы ауылы аумағында жолды асфальт салуға дайындық жұмыстары сала мамандарының жіті бақылауында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі