Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес қала, аудан аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша Келес ауданында ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке қатысушылар жеке секторларға бөлініп, өз аумақтарын қоқыстан тазартты.
Аудан орталығы Абай ауылының ішкі көшелеріне аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім мамандары мен әлеуметтік қызметшілер және Келес Қызмет мекемесінің жұмысшылары жұмылдырылып, аллея, саябақ, әлеуметтік нысандардың айналасы мен көшелердегі қоқыстарды жинап, бей-берекет өскен өскен шөптерді шауып, арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орынға жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі