
Бүгінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісінжүзеге асыруда. Ол үшін арнайы есеп-шот ашылып, барлықБАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға117 млн. теңгеден астам қаражат түскен.Бұлқаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеу бағытындағы жұмыстарға бағытталады.
Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдайкезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бағытталған қыруар қаражат жиналған болатын.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникация қызметі