
(06.05.2020 ж. сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша)
COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру барысында Арыс қаласының 1969, 2011, 2009, 2014 ж. тұрғындарынан, Кентау қаласының 1990 жылғы, Түркістан қаласының 1994 жылғы тұрғынынан табылды.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданының 1967 жылғы азаматшасынан алынған сынама да оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда, аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 158 адамды құрап отыр, оның ішінде жазылып шыққандары — 52 адам.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі