ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АЗАМАТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АЗАМАТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(05.05.2020 ж. сағат 19.30-дағы мәлімет бойынша) COVID-19 инфекциясы Арыс қаласының 1969жылғы тұрғынынан скринингтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда, науқастардың барлығы оқшауланып, аталған азаматпен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

05.05.2020 ж. таңдағы мәлімет бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 151-ге жетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі