
(04.05.20ж. сағ. 18:35-тегі мәлімет бойынша)
COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Түркістан қаласының 1990 жылғы және 1953 жылғы тұрғындарынан анықталды.
Қазіргі таңда екеуі де оқшауланып, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
04.05.20 ж. сағат 18:35-тегі мәлімет бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 139-ға жетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі