ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(03.05.2020 ж. сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандармен жақын байланыста болған азаматтарды скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Арыс қаласының 2015 жылғы тұрғынынан табылды.

Қазіргі таңда, бұл баламен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.

Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

03.05.2020 ж. жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 131-ді құрап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі