ӨЗБЕКСТАНДА ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

ӨЗБЕКСТАНДА ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР
Өзбекстан Республикасының Самарканд қаласында «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аймақтарының іскерлік әріптестігі» апталығы өтіп жатыр. Іскерлік шараға Қазақстан, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Қытай елдері делегациялары қатысуда.
Түркістан облысының делегациясы құрамында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП өкілдері және кәсіпкерлер бар.
Халықаралық форумды Өзбекстан Республикасының Инвестиция және өнеркәсіп министрі Лазиз Кудратов ашып берді. Содан соң пленарлық және панельдік сессияларға, сондай-ақ «B2B» және «G2B» форматындағы келіссөздерге ұласты.
Форумның негізінен электронды коммерция, жасыл экономика, көлік және логистика, цифрлық трансформация, азық-түлік қауіпсіздігі, өңіраралық ынтымақтастық, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастық сияқты өзекті тақырыптарды қамтиды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі