ТҮРКІСТАН: ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 120-ҒА ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 120-ҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған үш азамат тіркелді.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің 1992 ж. және 2017 ж. туған бір отбасының мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталды.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылының 2000 ж. тұрғыны да COVID-19 инфекциясы табылды.

Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 120.

Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-11,  Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-15, Байдібек-3,  Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі