ТҮРКІСТАН: ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 117-ГЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 117-ГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған төрт азамат тіркелді.

Түркістан қаласының 1991 ж., 1997 ж. тұрғындарынан және Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің 1974 ж., 2004 ж. тұрғындарынан инфекциясы анықталды.

Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 117.

Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-9,  Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-15, Бәйдібек-3,  Сарыағаш -18, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі