
Кентау қаласының 1976 ж. тұрғынының вирусологиялық зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Белгілі болғандай, науқас Атырау қаласында жұмыс істеген. 20 сәуір күні "Атырау-Шымкент" әуе рейсімен келген.
Сол күннен бастап үй карантиніне жатқызылған.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 106.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-8, Кентау қаласы -9, Сайрам ауданы-3,
Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-12, Бәйдібек-2,Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі