
Түркістан облысында 25 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, инфекция жұқтырған 5 азамат тіркелді.
Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылының 1991 ж. тұрғыны мен Қазғұрт ауданы, Шанақ ауылдық округі, Ақжар ауылының 1995, 1997, 2016, 2018 ж. тұрғындарынан COVID-19 инфекциясы расталды.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 96.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-8, Кентау қаласы -6,
Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-6,
Бәйдібек-2, Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі