
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жеңген тағы бір азамат тіркелді. Жетісай ауданы, Жаңа ауыл округінің 1963 ж. тұрғынының соңғы талдама нәтижесі бойынша ол дертінен құлан-таза айыққан.
Науқас Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматпен байланыста болған.
Бүгінгі күнге облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жеңген адамдар саны21-ге жетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі