
Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді. Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округінің 1990 ж.тұрғыны, Жетісай ауданы, Асық ата ауылдық округінің 1976 ж. азаматынан вирус расталды. Сондай-ақ Ордабасы ауданы, Көкарал ауданының 1988ж. тұрғыны мен осы ауданның Бадам ауылының 1969 ж. тұрғыны Атырау қаласында жұмыс істеген. 20 сәуір күні "Атырау-Шымкент" авиа-рейсімен келген қос азамат тұрғылықты жері - Ордабасы ауданына жеткен. 21 сәуір күні екеуі де ауруханаға "КВИ" індетімен түскен.
Қазіргі таңда облыс бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 83-ке жетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі