Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында түйе шаруашылыға қызығушылар бар. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Е.Алтаев.
Кәсіпкер алғашында 2 түйеден шаруа бастап, бүгінде түйе санын 25-ке жеткізіп отыр. Түйе бағуды отбасылық кәсіпке айналдырып, жұбайы түйе сауып, кәсіптерін дөнгелетуде. Бүгінде тәулігіне 20 литрден аса қымыран әзірлейді.