ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ТОП ЖАРДЫ
Маусым айының 21-25 жұлдызы аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында пауэрлифтингтен WPC және AWPC федерациясында Еуропа чемпионаты өтті. Аталған бәсі биік турнирде Кентау қаласының балуандары 13 елдің арасынан суырылып шығып, жүлделі орындарды иеленді. Мәселен, Дәурен Дарибаев 82,5 келі салмақ арасында: «Халықтық жатып сығымдап көтеруден» мен «Тік тұрып көтеруден» 1-орын; «Жатып сығымдап көтеруден» 2-орын иеленді.
Сондай-ақ Талғат Искаков 82,5 келі салмақ дәрежесінде: «Тік тұрып көтеруден» 2-орын; «Жатып сығымдап көтеруден» 1-орын және кубок иегері атынды. Давлат Абдурашидов жасөпірімдер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде: «Халықтық жатып сығымдап көтеруден» және «Жерден күштеп көтеруден» 1-орын және кубок иегері болды.
Бұдан бөлек Елнұр Абдурахманов 67,5 келі салмақ дәрежесінде: «Жатып сығымдап көтеруден» және «Халықтық жатып сығымдап көтеруден» 1-орынды иеленді. Елнұр Абдурахманов «Халықтық жатып сығымдап көтеруден» AWPC федерациясы допинг бақылауымен Еуропа және Әлем рекордын жаңартты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі