
Түркістан облысында 22 сәуір күнгі соңғы мәлімет бойынша екі азаматтан COVID-19 инфекциясы анықталды.
Сарыағаш ауданы, Жарты-төбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1984 ж. тұрғыны мен Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылдық округінің 1991 ж. тұрғыны қазіргі таңда оқшауланып,ем қабылдауда.
Екі азамат та коронавирус індетімен ауыратын науқастармен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).
Арыс ауданында -17, Кентауда - 6, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 4,Сайрамда - 3,Сарыағаш ауданында - 5,Түркістан қаласы, Созақ ауданы және Бәйдібек аудандарында -2, Қазығұрт ауданында 2 науқастананықталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі