Биыл Түркістан қаласында 34 шақырым құрайтын 23 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінде жоспар аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, шаһардың Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет - Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т.Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын көшелеріне асфальт төселді.
Аталған жұмыстар халық көп шоғырланған алты сектордың алғы тізіміндегі көшелерге жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі