ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

2020 ж. 19 сәуір күнгі мәлімет бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 58-ге жетті.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылдық округі, Ақжар ауылының 1941 ж тұрғыны,Сарыағаш ауданы, Жарты-төбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1974 ж. азаматшасы және Түркістан қаласының 1997 ж. тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында -14, Кентауда - 5, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 4,Сайрамда - 3,Сарыағаш ауданында - 4,Түркістан қаласында - 2 және Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында1 науқастананықталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі