Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановпен бекітілген жоспарға сәйкес, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысының аудан, қалаларында кездесулер өтті. Негізгі мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Кездесулерде ұлттық және рухани құндылықтар, ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі, адами қаситеттердің маңызы кеңінен талқыланды.
Республикалық РАТТ мүшелері: Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Оспанов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры М.Халыков, Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ директоры С.Жаңабай, Ұлытау облысы «Діндерді зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Ж.Рахымбердиев облыс тұрғындары мен түрлі сала қызметкерлерімен кездесіп, діни тұрақтылық жайында ой қозғады.
«Нұр-Мүбарак» ЕИМ университетінің Философилық ғылымдардың кандидаты, кафедра меңгерушісі А.Рыскиева, исламтанушы-журналист А.Кеңесбаева, магистр оқытушы, исламтанушы, сарапшы А.Қалқаева, Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы Ж.Қаңтарбаева, Жамбыл облысы Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы З.Усенова облыстағы қыздар мен әйелдер қауымына ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізді. Сонымен қатар «Дін мен дәстүр», «Діни ұйымдардың адам санасына, оның ішінде әйел адамға әсері», «Исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар» тақырыптары бойынша сөз қозғалды.
Мазмұнды кездесулерде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет: «Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор – мемлекет. Сондықтан осы мемлекеттік іске салғырт қарамай, ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ал ұлттық идеологиямыз әлсіз болса, барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз», деп, ұлттық идеологиямызды жандандыру маңызды екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, 15-19 мамыр аралығында өткен кездесулерге 4 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысып, жалпы 40 кездесу өткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі