ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ БАСКЕТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ЛИГАДА ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ БАСКЕТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ЛИГАДА ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде баскетболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты өткен баскетбол бәсекесіне елімізден Ақтаудың «Каспий», Астана қаласының «Astana Tigers», Ақтөбенің «Ақтөбе» және алаң иесі «Тұран» командасының құрамасы қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Баскетбол бәсекесінің ақтық сынында бір команда қарсыласын 3 рет жеңсе чемпионат мерзімінен бұрын аяқталады. Сондықтан «Тұран» командасы чемпиондық титулды сақтап қалу үшін басты қарсыласы – елордалық «Astana tigers» құрамасын қатарынан үш кездесуде тізе бүтіріп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Ал Ақтаудың «Каспий» командасы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» клубтары чемпионаттың қола жүлдесіне таласты. Бұл сында ақтөбелік команданың бәсі жоғары болып, қола жүлдегер атанды.
Үздік ойыншалар мен үздік командаларға құрмет көрсетілді. «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бұлдырықов та спортшыларды марапаттап, арнайы тағайындалған медальдар мен кубоктар табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі