ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТА САЙЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАТА САЙЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бас имам Ержан қажы Сматұлының ұйымдастыруымен Түркістан облысында бата сайысы ұйымдастырылды.
Қала және аудан-ауылдардан жиналған 17 қатысушы ел есіндегі баталар (тарихта есімі сақталған тұлғалардың баталарын нақышына келтіре айту); ұлттық салт-дәстүрлердің біреуіне арнап, өзінің батасын беру (бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, жас жұбайларға, жаңа қонысқа және т.б); билет суыру арқылы көрсетілген тақырыпқа бата беру шарттары негізінде бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен ақсақалдар арасынан үздік деп танылып 1 орынға Имашов Өтепбай ақсақал (Созақ ауданы) ие болса, ІІ орын Абдалимов Аманбай ақсақалға (Мақтаарал ауданы), ал ІІІ орын Тұрманбетов Жолдасбек ақсақалға (Арыс қаласы) бұйырды.
Шара соңында Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сертификаттар, ал өзге қатысушыларға бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі