ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті. COVID-19 инфекциясы

Жетісай ауданы,  Ынтымақ ауылдық округінің

1977 ж. тұрғынында расталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған 1956 ж. Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 15 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ,  Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі