ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА «ТАЗА АУЫЛ» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА «ТАЗА АУЫЛ» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Созақ ауданында «Таза ауыл» эко-акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов Шолаққорған ауылының ішкі көшелеріне жаупты етіп бекітілген бөлім, мекеме мамандарының санитарлық-экологиялық акция аясында өтізген тазалық жұмыстарының басында болды.
Әр мекеме өзіне жүктелген көше бойларын қоқыстардан тазартып, арық-атыздар мен ағаштардың түптерін әктеп, көше бойы мен мекемелердің ауласындағы шарбақтар мен орталық көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлердің қасбеттеріне сырлау жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, бүгінгі аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілікке 1300 адам, 13 арнайы техника тартылды. Үй іргелік аулалардың 3200 ш. м жинастырылып, өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында жинақталған 115 тонна қоқыс тасымалданды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі