ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА АТОЙ САЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА АТОЙ САЛДЫ
Алматы қаласында пара жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған жастар арасында өткен ҚР чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарды иеленді. Байрақты бәсекеде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының 8 спортшысы өңір намысын абыроймен қорғады.
Ел чемпионатында 6 алтын, 10 күміс, 4 қола иеленген түркістандық параспортшылардың жаттықтырушы – Айсұлтан Арыстанбекұлы. Жігерлі жандар арасындағы сайыста облыс мақтанышына айналған Жанель Балғынбай (36 класс) 100 және 200 метрге жүгіруден жеңімпаз атанса, 400 метр қашықтыққа жүгіруден күміс медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ Саян Қалатай (13 класс) 800 метрге жүгіруден және ұзындыққа секіру бойынша оқ бойы озық болып, алтын алқаны еншіледі. Жарыс жолында барын салған Үсен Сәбден болса (13 класс) 400 метрге жүгіруден 3-орынды, Жансая Оразбай (35 класс) 100, 200, 400 метрге жүгіруден үш күміс медаль иеленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі