«ТҰРАН» МЕН «МАҚТААРАЛ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«ТҰРАН» МЕН «МАҚТААРАЛ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының кездесулері өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы Ақтаудың «Каспий» клубымен кездесті. Тартысты кездесуде түркістандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс добын ойынның 16-минутында Диалло салды.
Түркістан облысының тағы бір командасы «Мақтаарал» Шымкентте азулы «Ордабасымен» кездесті.Өте қызықты матчта күтпеген нәтиже тіркелді. Сауатты ойын өрнегін көрсеткен «Мақтаарал» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіп кетті. Көне және Сандовал бір-бір голдан салды.
Осылайша, Қазақстан кубогының 1/8 финалдық бәсекесінің алғашқы кездесулері Түркістан облысының командалары үшін сәтті болды. Бұл жұптар арасындағы жеңімпаз қарымта ойында анықталады.
🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі