Облыс орталығы Түркістан қаласына жаңа туристік маусым ашылғалы 130 503 турист келген. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.
Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны - 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген.
Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі