
Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мамандар залалсыздандыру өткелін істеп шығарды. Бүгінде жаңа құрылғы сынақтан өтіп, сала мамандарының қолдауына ие болды.
Коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру өткелдері аудан орталығындағы ҚазПошта мен Халық банкі және Халықтық кеңсе ғимараттарының алдына аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін орналастырылды.
Алдағы уақытта жаңа құрылғы аудан орталығындағы халық шоғырланатын мекеме алдарына және Шақпақ бекетіне қойылу жоспарлануда.
Құрылғы туралы қысқаша сипаттап өтейік. Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған құрылғы. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығын бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашып, барлық қатерлі микробты өлтіреді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялыр қызметі