
Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды. Жетісай ауданының 1956 жылғытұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды.
Қазіргі таңда Жетісайауданында - 11,Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелді.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі