КЕНТАУДА КӨКПАРШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

КЕНТАУДА КӨКПАРШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ
Бүгін елімізде ҚР Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын таңдау сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға қалаға қарасты ауылдарда белсенді атсалысуда. Солардың қатарында Хантағы ауылындағы №6 А.Пушкин атындағы 6 мектептегі 60 сайлау учаскесіне барған шабандоз жігіттер де бар.
Сайлауға атпен келіп, қаланың дамуы үшін өз таңдауларын жасады.
"Біз көкпаршылар бүгінгі маңызды сайлауға өз таңдауымызды жасауға келдік. Барша жерлестерді сайлауға қатысуға шақырамыз. Тәуелсіз еліміз жасай берсін", дейді олар.
Хантағы ауылында 3 сайлау учаскесі қызмет көрсетуде. №60 сайлау учаскесінде — 2178, №61 сайлау учаскесінде — 663, №62 сайлау учаскесінде 859 сайлаушы тіркелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі