ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДОМБЫРАШЫЛАР» ЧЕЛЛЕНДЖІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДОМБЫРАШЫЛАР» ЧЕЛЛЕНДЖІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ
Наурыз мерекесі Түркістан облысында кеңінен аталып өтілуде. Кеше Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Республика бойынша «Домбыра челленджі» өтті. Мерекелік бастаманы Түркістан қалалық «Саз мектебінің» 300 оқушысы жалғастырды. Іс-шараның ұйымдастырудың негізгі мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау.
Оқушылар Түркістан қаласындағы «Гүлдер саябағында» Сарыарқа және Балбырауын күйлерін бір мезетте орындап, қала тұрғындарының қошеметіне бөленді. Оқушылардың өнері тікелей эфирде көрсетілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі