ТҮРКІСТАНДА ТАҢЕРТЕҢ ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАҢДАУ ЖАСАП ҮЛГЕРДІ

ТҮРКІСТАНДА ТАҢЕРТЕҢ ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАҢДАУ ЖАСАП ҮЛГЕРДІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.
Түркістан қаласында сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда.
Комиссияның мәлімдеуінше, алғашқы сағатта 3000-нан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген.
Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар.
Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі