ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 5 АЗАМАТ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 5 АЗАМАТ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай бойынша  Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын  жұқтырған 5 адам бар. Барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Бүгінде науқастар дәрігерлер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

«31-наурыз күні 1-пациенттің коронавирус індетін жұқтырғаны тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласынан келген бұл науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру барысында, тағы 3 отбасы мүшесінің сараптамасынан вирус анықталды. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді. Қазіргі таңда  науқастар дәрігер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда», – деді Нұрбек Садықбекұлы.

  Бұдан өзге, 31-наурыз күні науқас тұрған үй-жайларды дезинфекциялау және санитарлық өңдеу  шаралары өткізілді. 31-наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталық  ауруханасында ем алуда. Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған анықталуда.

Облыста 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Covid -19 коронавирустық инфекциядан  қолайсыз елдерден келген  495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгені - 9 адам, 1 «б» санатындағы елдерден келгені –  486 адам бар.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі