
Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған.
Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі