Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 20 мекенжайындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде өтеді. Сонымен қатар облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 22 ақпанда сағат 12.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 20, Сауран аудан әкімдігі ғимаратында өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 21 ақпанға дейін сағат 09.00 - 18.30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.