ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Келес ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 16.00-де Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшісі №80 үй, «Ә.Кенжеев» атындағы аудандық мәдениет үйінде өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 17.00-де аталған мекен-жайда өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8-(72533)-5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 23 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 18-30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) жүргізіледі!
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.