МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. Басқосуға облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары И. Досходжаев, облыстық басқармалар басшылары мен аудан, қала әкімі аппарат басшылары қатысты.

Ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Е. Ермаханбетов жиынды ашып, күн тәртібіне енгізілген мәселелермен таныстырды. Оған сәйкес, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е. Утебаев Агенттіктің жыл сайынғы мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы негізінде «Зор рух» қайырымдылық қорының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізген қоғамдық мониторингтің нәтижелері мен Елбасы Жолдауындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді 2020 жылы 90%-ға жеткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б. Әлімбетов Департаментпен жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде орын алған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Сондай-ақ, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н. Нурашов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі туралы есеп берді. Нәтижесінде, тыңдалған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар енгізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі