Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 16.00-де Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі 219, аудандық мәдениет сарайында өтеді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 17.00-де Темірлан ауылы, Рахиев көшесі 2, «Ай» тойханасының ғимаратында өтеді
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы
6 желтоқсанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат
13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.