Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, 2022 жылғы 11 қараша күні облыстық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындарымен «Бірыңғай қабылдау күнін» өткіземіз.
Жеке қабылдау сағат 15:00-де Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы аудан әкімі аппараты ғимаратында өтеді.
Сағат 17:00-де Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі аудан әкімі аппараты ғимаратында өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 10 қарашаға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.