Жас- жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионатында Түркістан облысы, Шардара ауданынан 21 әлем чемпиондары шықты. Түркияның Анталия қаласында Қол күресінен 43-ші Әлем чемпионатының алғашқы күндері жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында Шардара Армспорт құрамасының спортшылары Әнұранымызды 21 рет шырқатып, көк туымызды көкке көтерді.